Дәріс 14

Магистрлік диссертацияның құрылымы мен құрылымдық элементтерін рәсімдеу (2 сағат)

 

Дәрістің мақсаты: білім алушыларға магистрлік диссертацияны рәсімдеу ережелерімен таныстыру.

 

Дәрістің жоспары:

1. Жалпы ережелер.

2. Магистрлік диссертацияны орындауына қойылатын талаптар.

 

1. Жалпы ережелер. Магистрлік диссертация дегеніміз - белгілі бір білім беру бағдарламасына сай тақырыптарының бірі бойынша белгіленген формада орындалатын магистранттың өзіндік зерттеу жұмысының нәтижелерін қорыту мақсатында орындалатын жұмыс.

Магистрлік диссертация магистранттың ғылыми-зерттеу немесе тәжірибелік-зерттеу жұмысының соңғы нәтижесі болып табылады.

Магистрлік диссертация ішкі бірлігі бар ғылыми мазмұндағы бітіру жұмысын білдіреді. Диссертацияда ғылымның қазіргі жай-күйіне сәйкес келетін тақырып бойынша өзіндік ғылыми зерттеу нәтижелері баяндалады.

Магистрлік диссертацияның мақсаты – магистранттың ғылыми біліктілік деңгейін көрсету, ғылыми ізденісті өз бетінше жүргізе білу, нақты ғылыми мәселелерді шешу қабілетін тексеру, жалпы әдістер мен оларды шешу тәсілдерін білу.

Магистрлік диссертация магистранттың ғылыми біліктілік деңгейін және таңдаған білім беру бағдарламасы бойынша ҚР ҒЖБМ талаптарына сәйкес ғылыми таным әдіснамасын меңгеру дәрежесін анықтайды.

Әрбір магистрантқа қабылданғаннан кейін екі ай ішінде магистрлік диссертацияға басшылық жасау үшін ғылыми жетекші тағайындалады.

Ғылыми жетекші және магистранттың зерттеу тақырыбы Ғылыми кеңестің шешімі негізінде университет ректорының бұйрығымен бекітіледі.

       Магистранттың ғылыми жетекшісінің ғылыми дәрежесі немесе PhD докторы дәрежесі болуы қажет, сонымен қатар ғылым саласында (магистрантты оқыту білім беру бағдарламасы бойынша) ғылыми зерттеулермен белсенді айналысуы тиіс. Қажет болған жағдайда ғылымның тиісті салалары бойынша ғылыми кеңесшілер тағайындалуы мүмкін.

 

2. Магистрлік диссертацияны орындауына қойылатын талаптар. Магистрлік диссертацияның нәтижелері бойынша кемінде бір жарияланымда немесе ғылыми-практикалық конференцияда жасалған бір баяндамада ұсынылуы тиіс.

Ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратурада білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар:

1) магистрлік диссертация орындалатын және қорғалатын магистратураның білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келуі;

2) өзекті болуы, ғылыми жаңашылдығы пен практикалық маңыздылығы қамтылуы;

3) ғылым мен практиканың қазіргі теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктеріне негізделуі;

4) ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін пайдалана отырып орындалуы;

5) негізгі қорғалатын ережелерге сәйкес мазмұны ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерін қамтуы;

6) тиісті білім саласындағы озық тәжірибеге негізделуі тиіс.

Бейіндік бағыттағы магистратурада білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар:

1) магистрлік диссертация орындалатын және қорғалатын магистратураның білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келуі қажет;

2) ғылымның, техниканың және өндірістің заманауи жетістіктеріне сүйене отырып, нақты практикалық ұсыныстарды, басқару міндеттерін дербес шешуді қамтуы керек;

3) озық ақпараттық технологияларды қолдану арқылы орындалады;

4) негізгі қорғалатын ережелер бойынша мазмұны эксперименттік-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерді қамтуы тиіс.

Магистрлік диссертация бойынша жұмыс күнтізбелік кесте бойынша (1-қосымша) ғылыми жетекшінің басшылығымен орындалуы тиіс. Магистрлік жұмыс міндетті түрде университеттің сараптау комиссиясында немесе мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығында плагиаттық тексеруден өтуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 1

БЕКІТІЛДІ

Ғылым және инновациялар

жөніндегі проректор

_________  Т.А.Ә.

«_____» __________ 20___ ж.

 

Магистрлік диссертация бойынша жұмыстың күнтізбелік кестесі

__________________________________________________________

(шифр, мамандық атауы)

_________________________________________________________

(магистранттың ТАӘ)

            тақырыбы: «___________________________________________________________»

(тақырып атауы)

 

Оқу жылдары

Диссертациялық зерттеу бөлімдері

Мерзімі

 

 

 

Оқудың

1-жылы

(2022-2023 о/ж.)

Магистрлік диссертацияны жазу үшін әдебиеттерді жинау және талдау

Қыркүйек-Қараша

Кіріспе мен бірінші бөлімді жазу

Желтоқсан-Қаңтар 

Эксперимент өткізуді ұйымдастыру және бастау, далалық зерттеулер, материалдарды жинау (мамандыққа байланысты)

Қыркүйек-Желтоқсан

Ғылыми мақалалар жазу (конференция баяндамаларының тезистері)

Наурыз-Мамыр

Ғылыми конференцияларда сөз сөйлеу

Мамыр

2-бөлімді жазу

Сәуір

 Эксперимент жүргізу, алынған  деректерді алғашқы және терең өңдеуден өткізу

Қараша-Сәуір

Эксперименттің аяқталуы

Мамыр

 

 

 

 

 

 

Оқудың

2-жылы

(2022-2023 о.ж.)

3-бөлімді жазуды бастау

Қыркүйек

Ғылыми мақалалар (тезис) жариялау

Қазан

Ғылыми конференцияларда баяндама жасау

Сәуір

Деректерді түпкілікті өңдеу, оларды терең талдау

Қаңтар

Ғылыми зерттеу нәтижелерін практикаға енгізу актілерін ресімдеу

Ақпан

3-бөлімді жазуды аяқтау

Наурыз

Бірінші бөлімнің «Әдеби шолу» бөлімін жазу

Наурыз

Қорытындыларды тұжырымдау

Сәуір

Кіріспе, қорытынды (қажет болса), практикалық ұсынымдардың түпкілікті нұсқасын, мазмұны, шартты қысқартулар тізімін жазу, әдебиеттер тізімін ресімдеу

Сәуір

Алдын ала қорғауға дайындалу

Мамыр

Кафедраға және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөліміне диссертацияны ұсыну

Май

Магистрлік диссертацияны қорғау

Маусым

 

Ғылыми жетекші ___________________________ Т.А.Ә.

                     қолы

Магистрант _______________________________ Т.А.Ә.

       қолы